OnlineMonitor MASMI
Online Monitor MASMI / Қазақстан

OnlineMonitor© жобасындағы онлайн сауалнамалар

Интернеттегі сауалнамалар — бұл түрлі мəселелер бойынша адамдардың пікірін зерделеу жөніндегі маркетингтік жəне әлеуметтік зерттеулер бағыттарының бірі. Біздің OnlineMonitor© жобамызға қатысу Сіздің жеке басыңыз үшін қызықты барлық заттар бойынша пікіріңізбен бөлісуге мүмкіндік береді. Біз өз алдына Сіздің пікіріңізді бағалаймыз жəне сондықтан біз сауалнамаларымызға қатысушыларға сəйкесінше сыйақы төлейміз. Ақылы сауалнамаларға қатысушылар сауалдарға жауап бергені үшін сыйақы алады, ал бізге сауалнамаға тапсырыс беруші компаниялар тауарлар мен қызметтерді тұтынушылардан ақпарат алады.

Онлайн сауалнамалар тапсырыс беруші (мысалы, косметика өндірушісі) төмендегіні анықтағысы келген жағдайларда пайдаланылады: оның өнімін пайдаланушылардың қалауларын білу; тұтынушы өнімді не үшін бағалайтынын, ал нені артық көретінін анықтау; тұтынушы сатып алатын затты таңдау үшін қалай шешімге келетінін анықтау; нарықта қандай жаңа өнім бəрінен жақсы қабылдануын; нарықта тапсырыс беруші өнімі қандай үлеске, ал қалған бəсекелестер — қандай үлеске ие екенін; жəне ақылы сауалнамаға тапсырыс берушінің өнімін немесе қызметтерін сатып алу немесе пайдаланудың көптеген басқа аспектілерін. Осы сұрақтардың жауаптары дұрыс шешімдер қабылдауға жəне нəтижесінде бизнесті пəрменді дамытуға мүмкіндік береді. Тұтынушылар сауалнамасы бизнестің жаңа бағыттарын іске қосуда қатерлердің азаюына мүмкіндік береді, өйткені өндіруші өз нысаналы аудиториясының қалауларын алдын ала біледі. Бұл əдісті қолдану саласы тауарлар немесе қызметтер тұтынушыларының қалауларын зерделеуден бастап сауалнамаға қатысушының саяси қызығушылықтарын немесе бүтін өмірін зерделеуге дейін жатады.

Осы жобаның қатысушысы болу үшін Сізге тіркеуден өтіп, өз электрондық поштаңыздың мекенжайын растау қажет, Сіз үшін жеке кабинет құрылады. Біздің сауалнамаларға шақыру Сіздің поштаңызға келеді немесе Сіз оларды жеке кабинеттен бақылай аласыз. Əр толық өткен сауалнама үшін Сіз сыйақы аласыз, ол Сіздің жеке кабинетіңіздегі шотқа есептеледі.



Copyright © 2001—2016 OnlineMonitor